Форумның өзекті тақырыбы – «Тау шипажайларының мәселелері және даму болашағы». Жергілікті сала мамандарының, сондай-ақ Ресей, Швейцария, Әзірбайжан, Өзбекстан, Андорра, Швеция, Хорватия спикерлері бас қосатын сессия аясында қатысушылар Алматы тау кластерінің қазіргі жағдайы мен әлеуетін, IT, маркетинг, қонақүй бизнесі салаларындағы жергілікті және халықаралық инновациялық шешімдерді талқылайды, сабақтас салаларды дамытудың озық тәжірибелерімен алмасып, қоршаған орта мен жалпы экологияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды, сонымен қатар тау шипажайларындағы MICE-туризмінің даму болашағын талқылайды.